17.03.2025, 20:07
Жаңалықтар
Таразда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашып, елді дүрліктірді (ВИДЕО)
Ата-анасына төрт әкімшілік хаттама толтырылды
Фото: istockphoto.com
14 наурыз түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары Hyundai Sonata автокөлігін жас бала жүргізіп бара жатқанын байқаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қауіпті маневрлар жасап, бой тасаламақ болған.
Жолдың басқа қатысушыларына қауіп төндірмес үшін құқық бұзушыны бірнеше экипаж қоршап тоқтатуға тура келді.
Тексеру барысында оның кәмелетке толмағаны және автокөліктің әкесіне тиесілі екені анықталды.
Жасөспірімнің заңды өкілі шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады