Назым Қызайбай 100 мың АҚШ доллардан алатын болды: бокстан әлем чемпионатының нәтижесі шықты
Қазақстан жалпы есепте екінші орын алды

2025 жылы 9-16 наурыз күндері аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен әйелдер арасындағы жаһандық дода өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан құрамасының арулары әлем чемпионаты барысында 35 жекпе-жек өткізіп (Еуропа - 16, Азия - 10, Африка - 4, Оңтүстік Америка - 2, Солтүстік Америка - 2, бейтарап - 1), оның 26-сында жеңіске жетті.
Соның арқасында Қазақстан (3 алтын, 2 күміс, 1 қола) нәтижесімен тек Ресейге (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) ғана есе жіберіп, жүлде кестесінде екінші орынға тұрақтады. Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихындағы екінші үздік нәтижені көрсетті.
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлауынша, жүлде қоры төмендегідей:
- 1-орын - 100 мың АҚШ доллары
- 2-орын - 50 мың АҚШ доллары
- 3-орын - 25 мың АҚШ доллары
- Ширек финалистер - 10 мың АҚШ долларын иемденеді.
Елімізден кімдер жүлде алды?
- 48 келі. Назым Қызайбай (31 жас) – алтын
- 50 келі. Алуа Балқыбекова (29 жас) – алтын
- 63 келі. Аида Әбікеева (26 жас) – алтын
- 60 келі. Виктория Графеева (23 жас) – күміс
- +81 келі. Елдана Талипова – күміс
- 70 келі. Наталья Богданова (25 жас) – қола
Қазақстан, Сербия, Ресей, Өзбекстан елдері ғана барлық салмақта 12 боксшысын жарысқа қосты. Жалпы 51 мемлекет қатысты.