26.10.2019, 11:22
Жаңалықтар
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Пхеньянда жалауын желбіреткен додада қазақстандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлде жеңіп алды.
89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, 357 келіні бағындырды. Алтын медаль алу үшін Нұрғисаға бір келі ғана жетпей қалды.
Дәл осы салмақта Оңтүстік Корея спортшысы Дахун Ем (358 келі) үздік атанса, КХДР өкілі Кум Ил Пак (354 келі) үшінші орыннан көрінді.
Көп оқылған
30.08.2026, 06:23
Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
30.08.2026, 13:23
Ұлыбританиядан Моңғолияға дейін: Кеншілер күні Қарағандыға 250 мың көрермен жиналды
30.08.2026, 22:21
Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді
30.08.2026, 08:29
Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)