16.03.2025, 07:20
Жаңалықтар
Наурызға дайындық өртке ұласты: екі қабатты үй түгелдей жанып кетті
Оттың тұтануына электр пеші себеп болуы мүмкін
Фото: istockphoto.com
Әзербайжандағы Жалилабад облысының Сабирабад ауылында екі қабатты жер үй түгел өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Oxu.Az порталына сілтеме жасап.
Өрт Рашид Сафаровқа тиесілі жалпы ауданы 220 шаршы метр (әр қабаты 110 шаршы метр) болатын 10 бөлмелі үйде тұтанған. Оқиға орнына Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің Жалилабад аудандық бөлімі жетті. Алайда өртті сөндіру мүмкін болмады – үй толығымен жанып кетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ұзақ уақыт қосылып тұрған электр пеші себеп болған. Пеште Наурыз мерекесіне арналған тәттілер дайындалып жатқан.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 17:53
Астанада ММА файтері сахнада боқтаймын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)