$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Басымды ұстап, құлағымды кесті»: Шымкентте жігітті ұрлап, өлімші етіп сабаған

Алайда қылмыстық іс қозғалмаған

«Басымды ұстап, құлағымды кесті»: Шымкентте жігітті ұрлап, өлімші етіп сабаған
Фото: istockphoto.com

Шымкентте соңғы екі апта ішінде екінші адам ұрлау оқиғасы тіркелді. 39 жастағы Руслан (аты өзгертілген) бір топ адам оны күштеп көлікке отырғызып, аяусыз соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұрып-соғу салдарынн ол қабырғалары мен жақ сүйегі сынған күйде ауруханада екі апта ем қабылдады. Алайда, жәбірленушінің айтуынша, бұл оқиға бойынша адам ұрлау фактісімен қылмыстық іс қозғалмаған. 

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда бірнеше ер адамның Русланды күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа әкеткені анық көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, жанжал қаладағы кафелердің бірінде басталып, кейін оны қала сыртындағы бос аумаққа апарып, қатыгездікпен ұрып, түнде аязда далаға тастап кеткен. Русланның сөзінше, оны сегіз адам соққыға жыққан, бірақ полиция тек бір күдіктінің қамауға алған. 

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі барлық күдіктілердің анықталып, полицияға жеткізілгенін, бір күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады. Қазір қылмыстық іс материалдармен танысу және сотқа жолдау сатысында. 

Заңгерлердің айтуынша, адам ұрлау істері заңдағы кейбір ерекшеліктерге байланысты жиі қозғала бермейді. Егер ұрлаған адам жәбірленушіні өз еркімен босатса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда жәбірленушіні өлімші етіп сабап, далаға тастап кеткендіктен, бұл ерікті түрде босату деп саналмайды. 

Әлі күнге дейін соққының зардабын тартқан жәбірленуші әділ тергеу жүргізіліп, барлық кінәлілердің жауапқа тартылуынан үмітті.

Серіктес жаңалықтары