$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық құрылтай бірлікті нығайтуды көксейді – Жантөреева

Ол Ұлттық құрылтайдағы маңызды мәселелерді атады

Ұлттық құрылтай бірлікті нығайтуды көксейді – Жантөреева
Фото: Azattyq Ruhy

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық маслихат депутаты Қалыйма Жантөреева Ұлттық құрылтай отырысында көтерілген игі бастамаларды атап шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осыған дейін үш Құрылтайда да маңызды бастама көтерілді. Ұлытаудағы құрылтай қазақ қоғамына тарихына серпіліс әкелді. Республика күні ұлттық мереке ретінде бекітілген еді. Түркістанда өткен құрылтайда адал азамат тақырыбы көбірек қозғалды. Елдің біртұтастығын насихаттайтын дүниелер айтылып, Қазақстанның халық жазушысы атағы қайта енгізілді. Ал Атырауда әйелдер құқығын қорғауға қатысты, ойын бизнесі жайлы бірқатар бастама айтылды, жүзеге асырылды», - деді Жантөреева.

Оның айтуынша, Ұлттық құрылтайдың басты мақсаты азаматтық қоғамның ең мықты қозғаушы күшіне айналуы керек.

«Қай құрылтай болмасын, бірлікті нығайтуды көксейді. Ол үшін қоғамдық диалогті нығайту арқылы бірлікті күшейте түсу керек. Бурабайда өткен құрылтайда да бірқатар маңызды мәселе айтылды. Президент әлеуметтік мемлекет негізінде шығынды қысқартып, батыл шараларды қазір қабылдау керегін айтты», - деді Қалыйма Жантөреева.

Оның айтуынша, қазір қоғамда зорлыққа толы фильмдерді азайту да дұрыс көтерілген мәселе.

«Сотталған азаматтарды жазалау емес, түзету керек деген пікірі де көңілге қонымды болды. Әйелдерге қатысты заңдық ұстанымды қайта қарау керек деген пікірі өте қонымды болды. Әсіресе, баласы бар, зецйнетке жақын әйел адамдарға қатысты айтылғаны көңіл көншітті», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары