$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда даму жағынан артта қалған өңірлерге ерекше көңіл бөлінетін болды

Президент жауапты органдарға тапсырма берді

Қазақстанда даму жағынан артта қалған өңірлерге ерекше көңіл бөлінетін болды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында аймақтардың даму мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аймақтардың дамуындағы алшақтықты жою үшін нақты стандарттарға сүйене отырып экологиялық көрсеткіштер, инфрақұрылым, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да маңызды өлшемдер бойынша артта қалған өңірлерді анықтау қажет. Орталықтың күш-жігерін осындай алшақтықты жоюға жұмылдыру керек. Сол үшін қазір Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Құжатта аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған тың тәсілдер қарастырылады», - дейді президент.

Ол осы мәселеге қатысты жауапты органдарға тапсырма берді.

«Өңірлердің іс-қимылы нақты салаға жауапты мемлекеттік органдардың республикалық деңгейде атқарып жатқан іс-жұмыстарына сәйкес жүргізілуі қажет. Іс-шаралар үйлесімді болуға тиіс», - дейді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары