$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ет қымбаттап жатыр: министрлік мәлімдеме жасады

Жыл басынан бері елімізде сиыр етінің бағасы бір аптада 8,4 пайызға өскен

Қазақстанда ет қымбаттап жатыр: министрлік мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Сауда және интеграция министрлігі сиыр етінің қымбаттағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Сенатта өткен брифингте сиыр етінің қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

Мәселен, ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылдың басынан бері елімізде сиыр етінің бағасы бір аптада 8,4 пайызға, ал 0,6 пайызға өскен.

«Жыл басынан бері біз барлық 20 облыста бағаның өскенін байқадық, әр облыста әртүрлі – біреуінде аз, біреуінде көбірек. Түркістан облысында біздегі ресми статистика 3 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Жалпы, ресми статистика бойынша республикадағы баға – 2800 теңге», - деп жауап берді Төребаев.

Айта кетейік, осыған дейін ол азық-түлік бағасының күрт өспейтінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары