Мақпал Жүнісованың қызы рэп оқып, анасын таң қалдырды (ВИДЕО)
Әншінің айтуынша қызы мюзиклдің үзіндісін орындаған

Белгілі әнші Мақпал Жүнісованың қызы – Мерей Заманбекқызы рэп оқып, жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің айтуынша қызы мюзиклдің үзіндісін орындаған.
«Қазақтың жаңылтпашы сияқты екен. Бүгінгі күннің бір сәтінен. Мерей айтып отырған мюзикол 7минутқа созылады екен, мен Фариза әнін айтқанда жеті минутта бітеді дейтін», - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары Мерей Заманбекқызының өнеріне қатысты түрлі пікір білдірді.
«Мерейжан мамасына ұқсаған екен, дайын әртіс, киелі сахнаға шығуға болады екен», «Тіл-көзден аман бол, айналайын!», «Қызыңыз да керемет әнші екен, сахна күтіп тұр ғой», «Жаңылтпаш дегеніңіз күлкілі болды», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісованың той үстінде қызына жасаған ескертуі көпшілікті сүйсінткені хабарланған болатын.