$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін білу үшін қанша қаржы жұмсалды

Ғылым және жоғары білім министрі жауап берді

Бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін білу үшін қанша қаржы жұмсалды
Фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін бақылау үшін қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр сөз басында бұл зерттеуге алғашқыда 161 млн теңге қарастырылғанын айтты.

«Өтініш Денсаулық сақтау министрлігінен болды – шамамен 161 млн теңге. Ақырында, конкурс жариялағанда оны 60 миллион теңгенің шамасында қайта қарадық. Нәтижесінде біз бұл конкурсты өткізбейміз деп шештік, бюджеттен бөлінген қаржы игерілген жоқ. 6 бағыт бойынша жүргізілген мониторинг ғылыми институттар, министрліктер мен әкімдіктердің сарапшылары арқылы жүргізілді. Бюджеттен шығын шыққан жоқ», - деді сейсенбі күні ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында Ғылым министрлігінің басшысы.

Серіктес жаңалықтары