$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мектеп мұғалімі оқушысына қырындағаны үшін бес-ақ тәулікке қамалды

Ол әдепсіз әрекеттерге барғысы келгенін мойындады

Мектеп мұғалімі оқушысына қырындағаны үшін бес-ақ тәулікке қамалды
Фото: istockphoto.com

Ташкентте мұғалім мектеп оқушысын кабинетіне шақырып алған соң есігін құлыптап, зорлық-зомбылық жасамақ болғаны үшін сот шешімімен небәрі бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nova24.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 4 наурыз күні Сіргелі ауданындағы №322 мектепте болған. 34 жастағы мұғалім 10-сынып оқушысын кабинетіне кіргізіп, есікті құлыптаған соң құшақтап алмақ болған.

Сот отырысында ер адам әдепсіз әрекеттерге барғысы келгенін мойындап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Мұғалім әкімшілік құқық бұзушылықтың 41-1-бабының 1-бөлігі (жыныстық сипаттағы қысым көрсету) бойынша кінәлі деп танылып, бар-жоғы бес тәулікке қамауға алынды.

Балалар омбудсмені кеңсесі іс материалдары зерттеліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша шаралар қабылданып, қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары