$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның біраз облысында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер болжамы жарияланды

Қазақстанның біраз облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, қар жауып, боран соғады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Таразда көктайғақ, тұман болады.

Талдықорғанда көктайғақ болады деп күтіліп отыр.

Түркістан облысында тұман, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қонаев, қаласында Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында көктайғақ, жел күтіледі.

Алматы, Атырау, Қызылорда қалаларында, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай, Қарағанды қалаларында, Қарағанды, Қостанай облыстарында жаңбыр, қар жауып, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында (Бөрілі және Шыңғырлау аудандарында +5+7°С дейін, Сырым және Қаратөбі аудандарында +7+9°С дейін, Орал, Тасқала, Теректі, Ақжайық және Бәйтерек ауданында +8+10°С дейін) қардың жылдам еруі, өзендерде еріген су деңгейінің көтерілуі, наурыз айында су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары