$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Алтын басты әйелден бақа басты еркек артық»: тікелей эфирде дау шықты (ВИДЕО)

Мақалға қатысты тікелей эфир барысында дау шықты

«Алтын басты әйелден бақа басты еркек артық»: тікелей эфирде дау шықты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

«Қазақстан» ұлттық арнасының «Тату-тәтті» бағдарламасында дау шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарлама барысында қонақ ретінде қатысқан Ернұрдың «Алтын басты әйелден» деп бастаған мақалын жүргізуші Айкерім Есенәлі үзіп, тоқтатып тастайды.

«Ары қарай жалғастырмай-ақ қойыңызшы. Осындай мәнсіз-мағынасыз сөздерді айтып не керек? Неліктен бақа басты ер адам алтын басты әйелден артық болуы керек?!» - дейді Айкерім Есенәлі.

Осы тұста бағдарламаға қатысқан қонақ Біржан салдың әйелінің сөзін келтіріп, ақталмақ болды.

«Егер ер-азамат мен биікпін десе, сол биік атына лайықты сөз айтса екен деп тілейміз. Ешқандай әйел ешбір еркектің төбесіне шығуды қаламайды. Қай қыздың сөзін тыңдасаңыз да ер адам менен күштірек болса екен деп тілеп тұрады. Бірақ ол парасатты ойымен, кемел толық мінезімен, жақсы-жақсы іс-әркеттерімен дәлелденеді», - дейді бағдарлама жүргізушісі.

Серіктес жаңалықтары