$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай құтқарушылары әйелдер қауымын мерекемен ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Олар көп қабатты үйдің терезесіне көтеріліп, биіктіктен әйелдерге гүл сыйлады

Қостанай құтқарушылары әйелдер қауымын мерекемен ерекше құттықтады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қостанайлық құтқарушылар нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«8 наурызда Қостанайда қаланың әйелдер қауымын ерекше құттықтау рәсімі өтті. Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары әйелдер үшін нағыз мереке ұйымдастырып, көшелерді көктемгі көңіл-күймен толтырды. Автосатыны пайдалана отырып, өрт сөндірушілердің бірі көп қабатты үйдің терезесіне көтеріліп, биіктіктен әйелдерге гүл сыйлады. Мұндай күтпеген сый терезелерге қараған ханымдардың қуанышы мен күлкісін тудырды», — деп жазылған қалалық ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар қала көшелерінде қыздар, әйелдер мен әжелерге гүл шоқтарын табыстады. Қала тұрғындары құттықтауларды қуана қабылдап, құтқарушыларға көңіл бөлгені және қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары