08.03.2025, 04:00
Жаңалықтар
«Қарға батып кеткен»: бүтін бір ауылдың жылқылары құтқарылды (ВИДЕО)
ТЖМ құтқарушылары ауыл тұрғындарының малын аман сақтап қалды
Фото: видеодан кадр
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағай ауылдық округінің тұрғындары ТЖМ қызметкерлеріне қалың қарға батып кеткен жылқы үйірін құтқаруды сұрап жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Құтқарушылар өтімділігі жоғары техникамен малға жол салып, оның бойымен қарлы учаскеден 20 бас жылқыны қуып шығарып, малды елді мекенге дейін айдауға көмектесті», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар қыста мал жаю кезінде ауа райы жағдайларын ескеру қажет екенін еске салады.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
