$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ол бәрібір өледі»: жедел жәрдем қызметкерлері науқасты қарамай, үйінің кіреберісінде тастап кеткен (ВИДЕО)

Үйі жоқ науқасты күні бойы ауруханаларға тасыған

«Ол бәрібір өледі»: жедел жәрдем қызметкерлері науқасты қарамай, үйінің кіреберісінде тастап кеткен (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем қызметкерлерінің науқасты ғимараттың кіреберісінде қалдырғаны туралы видео тарады. Бейнежазбада дәрігерлердің «Ол бәрібір өледі, оны ешкім қабылдамайды» деген сөздері естіледі. Бұл оқиға қоғамда дау-дамай тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy NOVA24.uz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 72 жастағы әйел адам – тұрақты тұрғылықты жері жоқ азамат – жедел жәрдем қызметіне бірнеше рет хабарласқан.

6 наурыз күні таңғы 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін оның атына төрт қоңырау тіркелген. Жедел жәрдем бригадасы науқасты №4 және №1 қалалық клиникалық ауруханаларға жеткізген.
Алайда оған шұғыл медициналық көмек қажет болмағандықтан және тұрақты мекенжайы жоқтығынан, науқас қайтадан бастапқы мекенжайына жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары