07.03.2025, 23:46
Жаңалықтар
«Парасат» орденін алған Қарақат Әбілдинаға Тұрсынбектің әйелі гауһармен көмкерілген меруерт сыйлады
Бұл – әншінің бүгіндікке алған алғашқы сыйы

Фото: видеодан кадр
Қарақат Әбілдина бүгін «Парасат» орденін алып, мерекелік кешті үйінде, дос-жарандарының қасында жалғастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ізгі тілектерін білдіргендердің арасында Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова ерекше көзге түсті. Ол өнердегі әпкесіне гауһармен көмкерілген меруерт алқасын сыйлады.
«Қарақат Түлкібайқызына Мөлдір Түлкібайқызы атынан марапат – меруерт», – деп сыйын табыстады.
Қарақт Әбілдина оның сыйына қуанып, бүгіндікке алғаш берілген сый-сыяпат екенін алға тартты.
Бүгін әнші Қарақат Әбілдинаны президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттағанын еске саламыз.
Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттағандар тізімі:
- Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
- Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты;
- Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
17.05.2025, 11:14
«Қазақ елі, сүйінші!»: әнші Бүркіт жақсы жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
17.05.2025, 23:18
«Мен шаршадым»: Омар Жәлел эфирде жылап қалды (ВИДЕО)
18.05.2025, 07:41
"Евровидение-2025" ән байқауында күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)
18.05.2025, 22:44
Теміртауда ер мен әйел жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсті (ВИДЕО)
17.05.2025, 07:06
Екінші рет тұрмысқа шыққан қалыңдық тек орамалын ауыстыра ма (ВИДЕО)
17.05.2025, 14:47
«Қыздың ата-анасы қарсы болды»: Жігер Ауыпбаев экс-ғашығы туралы айтты