«Қызбен кездесуге барамын деп өлім құшты»: Щучинск қаласында жас жігіт қаза тапты
Қыздың танысы келіп, жігітті сабаған

Ақмола облысының Щучинск қаласында 22 жастағы жігіт бас сүйек жарақатынан ауруханада есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оны өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған және пробация қызметінің бақылауында болған ер адам ұсталды.
HALYQSTAN хабарлауынша, 6 наурыз күні жас жігіт жанармай құю бекетінің маңында қызын қарсы алуға келген. Алайда олардың арасында жанжал туындап, ренжіген бойжеткен әпкесіне хабарласып, көмек сұраған. Ол қасына танысын ертіп келген.
Оқиға орнына келген ер азамат пен жігіт арасында туындаған сөз таласы тез арада төбелеске ұласып, күдікті жәбірленушінің басынан бірнеше рет таяқпен соққы жасаған. Жедел жәрдем бригадасы оны бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жеткізген, бірақ ол есін жимастан қайтыс болды.
Қазір бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.