Астанада әйел адам жиһаз сатамын деп 10-нан аса адамды алдап кеткен
Күдікке ілінген әйел адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астанада 49 жастағы әйел адам жиһаз сатамын деп 10-нан аса адамды алдап кеткені жөнінде күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ПД мәліметінше, полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, екі жақтан келісімшарт бола тұра алданып қалған.
Нұра ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 49 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Келтірілген шығын көлемі шамамен 600 мың теңге.
Тергеу барысында әйелдің жиһаз сатамын деген жарнамасын көрген жәбірленуші оған хабарласып, алдын ала келісімшарт жасасады. Сұраған сомасын алаяқтың банк картасына аударып, жиһаз дайын болатын күнді күткен. Уәде берілген күннен үш күн асып кеткеннен кейін ғана алданғанын білген.
«Күдіктінің дәл осындай іске қатысты 10-нан аса эпизоды бар екені белгілі болды.
Ұсталған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қарастырылуда. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаның жалған ақпарат арқылы бұрмалануы азаматтардың қаржылық мүдделеріне нұқсан келтіріп, қоғамға қауіп төндіруі мүмкін. Осы жағдайды құқық қорғау органдары қатаң бақылауға алған.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да осындай алаяқтық әрекеттердің жолын кесу мақсатында шаралар қабылданып жатыр», - делінген қалалық ПД хабарламасында.