$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысының тұрғыны бүгінге дейін КСРО-ның төлқұжатымен өмір сүріп келген

Ол жуырда жаңа куәлік алды

Абай облысының тұрғыны бүгінге дейін КСРО-ның төлқұжатымен өмір сүріп келген
Фото: Абай облысы ПД

Абай облысында 50-ден асқан ер адам алғаш рет жеке куәлік алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Курчатов қаласының тұрғыны ұзақ жылдар бойы ескі үлгідегі төлқұжатпен өмір сүріп, ресми азаматтықсыз қалған. Бұл оған мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік бермей, күнделікті өмірінде елеулі қиындықтар тудырды.

«Миграциялық қызметке жүгінгеннен кейін полиция қызметкерлері оны құжаттандыру процесіне жедел кірісті. Нәтижесінде, 2025 жылғы 3 наурызда ер адам ресми түрде Қазақстан Республикасының азаматы атанып, алғашқы жеке куәлігін алды.

Абай облысы Полици департаменті жеке куәліктің болуы адамның құқықтық мәртебесін ғана емес, сонымен қатар медициналық, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететінін еске салады. Егер сізде немесе таныстарыңызда құжаттар болмаса, оларды ресімдеу үшін дереу миграциялық қызметке жүгіну қажет», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары