$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

719 автокөлік тұрып қалды: Қарағандыда автожолдар жабылды

Оған ауа райының қолайсыздығы әсер еткен

719 автокөлік тұрып қалды: Қарағандыда автожолдар жабылды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында 6 наурыз күні қатты боран мен тұман салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қиын метеожағдайларға байланысты облыс жолдарында 719 жеңіл автокөлік, 605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік тоқтап қалды. Ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысының қиындауына және жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әсер етті.

Атап айтқанда Қарағанды — Теміртау тас жолында үш жол-көлік оқиғасы болды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Апаттардың негізгі себептері — боран мен жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы», – делінген полиция хабарламасында. 

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілер мен тұрғындарды алыс сапарлардан бас тартуға, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырады.

Серіктес жаңалықтары