$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

7 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр күтіледі

7 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 7 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада құбылмалы бұлтты, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -2...-4°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты болады, жаңбыр жауады, қар жауады, жел 5-10, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +5...+7°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты болып, қар жауады, жаңбыр жауады, жел 8-13, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +3…+5°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +8...+10°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, ылғалды қар, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз -1...+1°C.

Атырауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +5...+7°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, ылғалды қар, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз 0...-2°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, ылғалды қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз -1...-3°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -3...-5°С.

Конаевта құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, қар жауады, жел 9-14, екпіні 18-23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -3...-5°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, 9-14 жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +3...+5°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, ылғалды қар, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…-2°C.

Петропавлда күн бұлтты, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -6...-8°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, 9-14 жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +2…+4°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, 5-10 жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +4…+6°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +6...+8°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, қар жауады, жел 8-13, екпіні 15-20, кейде 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +3...+5°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, ылғалды қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз 0...-2°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +2...+4°C.

Серіктес жаңалықтары