06.03.2025, 00:01
Жаңалықтар
Риддерде көшедегі иттер оқушы қызды талаған
Мектепке бара жатқан жерінен бас салған
Фото: istockphoto.com
Желіде мектеп маңында қаңғыбас иттердің оқушыға бас салғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Nayza Kokshe басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 6 наурыз күні болған. Екінші ауысымдағы сабаққа бара жатқан оқушы қызға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған. Жануарлар оның бетін, қолы мен аяғын тістеген.
«Бала иттерді жақсы көреді, оларды қалай ұстау керектігін біледі және ешқандай агрессия көрсетпеген. Сұмдық қой! Қашанға дейін жалғасады?! Қашан нақты шаралар қабылданады?! Балаларды көшеге шығаруға қорқамыз!» – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаға қатысты хабарлама түскенін растады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды