$ 495.95  535.28  5.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзбекстанда эстрада әртістеріне дінді насихаттауды қойып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге нұсқау берілді

Оларға «өзбек ұлттық құндылықтары мен мәдениетін сақтаудың» маңыздылығы түсіндірілді

Өзбекстанда эстрада әртістеріне дінді насихаттауды қойып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге нұсқау берілді
Фото: Өзбекстан Мәдениет министрлігі

Өзбекстанда әртістерге діни үгіт жүргізбеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және қарапайымдылық таныту ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елдің Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ташкентте Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Баходир Ахмедов, «Өзбекконцерт» басшылығы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және өнер өкілдері қатысқан «Өнер адамының этикасы» атты жиын өтті. Онда әртістердің лицензиялық талаптарды сақтауымен концерттерде діни насихатқа жол бермеу мәселелері қарастырылды.

Шетелде жүрген өнерпаздардың елдің заңын, ар-намысы мен беделін қатаң сақтау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар «өзбек ұлттық құндылықтарын, адамгершілік пен мәдениетті» сақтаудың маңыздылығы ескертілді.

Жиында өнер адамдарына:

  • Киім үлгісіне қойылатын этикет ережелерін сақтау;
  • Ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарға құрметпен қарау;
  • «Сән-салтанатты өмірден» бас тарту;
  • Қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау;

Әріптестердің ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратудан аулақ болусияқты талаптар қойылды.

Сондай-ақ жиында ән мәтіндерінің мазмұны, авторлық құқықтың сақталуы, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді дәріптейтін шығармалардың санын арттыру мәселелері көтерілді.

Серіктес жаңалықтары