$ 496.71  531.33  5.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда шенеуніктер қоқыс жәшігіне 1 миллиард теңге жұмсамақ

Әр данасы 4,5 миллион теңге тұрады

Ақтауда шенеуніктер қоқыс жәшігіне 1 миллиард теңге жұмсамақ
Фото: istockphoto.com

Ақтау қаласының әкімдігі 192 жерасты қоқыс контейнерін сатып алуға 1 миллиард теңгебөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Шенеуніктердің айтуынша, теңіз жағалауындағы тұрақты жел уақтылы жиналмаған қоқысты ұшырып, қаланың тазалығына кері әсер етеді. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін әкімдік жерасты контейнерлерінорнатпақ.

Қала билігі былтыр 10 жерасты қоқыс жәшігін сынақ ретінде орнатып, олардың тиімділігін тексерген. Биыл әр данасы 4,5 миллион теңге тұратын 192 контейнер сатып алу жоспарланып отыр.

«Биыл 192 жерасты контейнерін сатып алу бойынша конкурс жүргізілуде. Бұл 192 орынға орнатылады. Жалпы алғанда, әр нүктеде 3 контейнерден болатындықтан, барлығы 576 контейнер қарастырылған. Бұрынғы контейнерлердің көлемі 1,75 текше метр болса, жаңалары 1 текше метр болғанымен, ішкі сыйымдылығы үлкенірек», – деді Ақтау қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің орынбасары Бақтияр Мақсатов.

Әкімдік бұл жүйе қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға көмектеседі деп сендіреді.

Серіктес жаңалықтары