04.03.2025, 04:00
Жаңалықтар
Жезқазғанда африкалық мұғалімге заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды
Айыппұл құны – 100 мың теңге
Фото: istockphoto.com
Жезқазғанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Сьерра-Леоне азаматына айыппұл салынды. Бұл туралы Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот материалдарына сәйкес, іс фигуранты – «К.» есімді азамат елде рұқсат етілген уақыттан артық қалып, рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқан. Ол Жезқазған қаласында жергілікті кәсіпкердің қарамағында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Сот отырысында шетелдік азамат кінәсін толық мойындап, заң талаптарын білмегенін айтып, айыппұлмен шектеуді сұрады.
Сот кінәні толық мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, оған 25 АЕК (98 300 теңге) көлемінде айыппұл салды.
Соттың қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті