29.05.2020, 22:56
Жаңалықтар
АҚШ-та жұмыссыздар саны 40 миллион адамға жетті
Бұл туралы АҚШ-тың Еңбек министрлігі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш бергендер саны 40 миллионға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі USA Today басылымына сілтеме жасап.
«Осы аптада 2,1 миллион америкалық жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш берді. Осылайша 10 апта ішінде жұмыссыз қалғандар саны 40,7 миллион адамға жетті», - деп жазылған Еңбек министрлігінің хабарламасында.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, соңғы кездері жәрдемақыға өтініш берушілер саны азайып жатыр. Дегенмен, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 14,7 %-ға жетті. Бұл Ұлы депрессия кезінен бері тіркелген ең үлкен көрсеткіш.
Айта кету керек, АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды