$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында локомотив пен 11 вагон жолдан шығып кетті: зардап шеккендер бар

Жүк көлігінің жүргізушісі теміржол ережесін бұзып, жүк пойызымен соқтығысты

Атырау облысында локомотив пен 11 вагон  жолдан шығып кетті: зардап шеккендер бар
Фото: ҚТЖ

Атырау облысында жүк көлігінің жүргізушісі теміржол ережесін бұзып, жүк пойызымен соқтығысты. Салдарынан локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 1 наурыз күні сағат 10:20-да Тендік станциясындағы теміржол өткелінде болды. КТЖ мәліметінше, апатқа жүк көлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін сақтамауы себеп болған.

«Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 вагон рельстен шығып, айтарлықтай зақымдалды», – деп хабарлады компания өкілдері.

Қазақстан темір жолы азаматтарды теміржол өткелдерінде сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«2024 жылы автокөлік жүргізушілерінің ереже бұзуынан теміржол өткелдерінде 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол ережелерін қатаң сақтау қажет», — деп мәлімдеді КТЖ.

Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары