$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте ер адам 42 жастағы әйелін ұрып өлтіріп, терезеден лақтырып жіберді

Ол әйелін үнемі соққыға жығатыны анықталды

Шымкентте ер адам 42 жастағы әйелін ұрып өлтіріп, терезеден лақтырып жіберді
Фото: Instagram/nemolchikz_official

Шымкентте ер адам 42 жастағы әйелін асқан айуандықпен ұрып өлтірді. 4 жасар ұлының айтуынша, әкесі оны басынан «штангамен» ұрып, артынша ас бөлменің терезесінен лақтырып жіберген. Отағасы қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Немолчи» қорының мәліметінше, марқұм әйелдің денесі қанталаған, қолында тілінген жараның іздері бар, көп жерінен қанаған. Мұрны сынып, маңдайы жарылған.

Үлкен балаларының айтуынша, әкесі анасын үнемі ұрып-соғып тұрады.

Жеті бала (22, 20, 15, 13, 11, 4 және 2 жаста) анасыз қалды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмағандар.

Қанды оқиға 5 ақпанда болды. Сот сараптамасының қорытындысы әлі дайын емес. Кәмелетке толмаған балалар мемлекеттік мекемеге орналастырылды, жақын арада олардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша сот отырысы өтеді.

Серіктес жаңалықтары