$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында шахтадағы апат: бір кенші ауыр күйде жансақтау бөліміне түсті

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді

Ақтөбе облысында шахтадағы апат: бір кенші ауыр күйде жансақтау бөліміне түсті
Фото: istockphoto.com

28 ақпанда Ақтөбе облысындағы Eurasian Resources Group (ERG) «Қазхром» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында бұрғылау жұмысы кезіндегі жарылыста зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Оқиға салдарынан төрт жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі травмотология бөліміне жатқызылды, біреуі үйіне жіберілді, біреуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, осыған дейін шахтада жарылыс болып, 4 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары