$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2020, 16:08
Жаңалықтар

Ресейде жұмыссыздық деңгейі үш пайызға артуы мүмкін

Бүгінде бұл елде 1,9 миллион жұмыссыз тіркелген

Ресейде жұмыссыздық деңгейі үш пайызға артуы мүмкін
Фото: РИА Новости

Коронавирус эпидемиясының кесірінен Ресейде жұмыссыздық деңгейі 7 пайызға артуы мүмкін. Егер карантин жалғаса берсе, бұл көрсеткіш 15 пайызға дейін ұлғаймақ. Boston Consulting Group консалтингтік компаниясы сарапшылар пікірін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі RBK.RU ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы деректерге сүйенсек, Ресейде 1,9 миллион жұмыссыз тіркелген. Сарапшылар болжамына сәйкес эпидемия тезарада тоқтаса, дағдарыс қызмет көрсету және азық-түлік емес сауда саласына ғана кері әсерін тигізіп, тежеледі. Бұл жағдайда халықтың жалпы кірісі 2-3 пайызға төмендейді.

Эпидемия тез аяқталып, дағдарыс бірінші толқынмен шектелетін болса, онда жұмыссыздық 6–7%-ға артып, қызмет көрсету және азық-түлік емес сауда саласына барынша зардабын тигізеді.

Ал инфекция толқыны қайталанып, шектеу шаралары тағы да жалғасын тапса, жұмыссыздық деңгейі 8-10 пайызға жетпек. Онда құрылыс және өндіріс саласындағы пайда 4-6 пайзға азаяды.

Сарапшылар пікірінше, егер барлық өңірлерде қатаң карантиндік шаралар енгізіліп, ұзақ уақыт бойы жалғасатын болса, жұмыссыздық 12-15 пайызға артып, экономика саласын созылмалы дағдарысқа алып келеді. Бұл өндіріс, металлургия, банк секторы үшін айтарлықтай соққы болмақ. 

Ресей жұмыс берушілері әзірге жұмыс күнін қысқарту, қашықтықтан жұмыс істеуге ауысу, жалақыны азайту сынды механизмдерді пайдалануда. Жұмыстағы қысқартуды азайту мақсатында үкімет көп зардап шегіп отырған орта және шағын бизнес кәсіпорындарына 12,1 мың рубль (ең төменгі жалақы мөлшері) көлемінде төлем жасауға арналған грант бөле бастады. Ол мамыр мен маусым айларында әр қызметкерге беріледі. Егер ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне кәсіпорын қызметкерлерінің 90 пайызын жұмыста қалдырса, жарты жыл мерзімге үстемеақысыз несие ұсынылуда. Мұндай несиелердің 85%-ы мемлекеттік кепілдемемен қамтамасыз етіледі.

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары