28.02.2025, 07:18
Жаңалықтар
Ұлытау облысында алапат өрттің ортасында қалған ер адам құтқарылды (ВИДЕО)
Оқиға Сәтбаев қаласының өнеркәсіптік аймағында болды
Фото: istockphoto.com
Ұлытау облысында алапат өрттің ортасында қалған ер адамға жасанды тыныс алу массажы жасалып, құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Сәтбаев қаласының өнеркәсіптік аймағында нан зауытының жанында гаражда өрт шықты.
«Жедел жеткен өрт сөндірушілер гараждын есігін ашып, қою түтіннің арасынан ер адамды тапты. Содан кейін оны далаға шығарып, жасанды дем алдырды. Жану өнімдерімен уланған зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты.
Өрт сөндірілді, себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген