$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дәретханада отырған қыздарды камераға түсірген: Назарбаев университетінің студенті айыппұлмен құтылды

Студенттің 30-ға тарта қыз баланы камераға түсіріп алғаны хабарланған болатын

Дәретханада отырған қыздарды камераға түсірген: Назарбаев университетінің студенті айыппұлмен құтылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Назарбаев университетінде дәретханада отырған қыздарды камераға түсіріп алған екінші курс студенті айыппұлмен құтылып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу орнының баспасөз қызметі студенттің осы оқиғадан кейін кампустан шығарылғанын хабарлаған. Өз кезегінде Астана полиция департаменті қылмыскерді анықтап, жауапкершілікке тартқанын хабарлады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша құқық бұзушыға 20 АЕК – 78 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев университетінің студенті дәретханада отырған 30-ға тарта қыз баланы камераға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары