$ 501.49  525.71  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 8 наурызға орай 36 мың әйелге 10 мың теңгеге жетер-жетпес ақша беріледі

Елорда әкімдігі хабарлама таратты

Астанада 8 наурызға орай 36 мың әйелге 10 мың теңгеге жетер-жетпес ақша беріледі
Фото: istockphoto.com

Астанада 8 наурызға орай 36 мың әйелге 10 мың теңгеге жетер-жетпес ақша берілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, олардың арасында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар бар.

«Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.

Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #8 наурыз