$ 501.28  526.19  5.86
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Супермен»: Қайрат Нұртасты әйелі туған күнімен құттықтап, суреттерін жариялады

Қайрат Нұртас 1989 жылдың 25 ақпанында Түркістан қаласында дүниеге келген

«Супермен»: Қайрат Нұртасты әйелі туған күнімен құттықтап, суреттерін жариялады
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртасты жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнімен құттықтап, бірге түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде арнайы жазба жариялап, күйеуіне бір-ақ ауыз сөз арнады.

«Туған күніңмен, Супермен», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары жазбаға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Азаннан бері күтіп отырдық қой. Жұлдыз қашан Қайратты қалай туған күнімен құттықтайды екен деп», «Отағасымен бірге баянды, бақытты өмір сүр, Жұлдызжан», «Ұйыған отбасы болыңдаршы», «Туған күн құтты болсын!» - деп жазды желі қолданушылары.

Қайрат Нұртас 1989 жылдың 25 ақпанында Түркістан қаласында дүниеге келген болатын.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің әйелі үйінен айырылып қалғаны туралы, ал жақында өзіне тиесілі дүние кері қайтқаны жайлы айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары