$ 501.28  526.19  5.86
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана мен Самарқанд арасында тікелей әуе рейсі қатынайтын болады

Әуе рейсі аптасына екі рет қатынайды

Астана мен Самарқанд арасында тікелей әуе рейсі қатынайтын болады
Фото: istockphoto.com

Астана мен Самарқанд арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Енді ел тұрғындары мен қонақтары Қазақстан астанасынан тікелей Самарқандқа ұша алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Астанадан Самарқандқа жаңа бағыт ашады. Бұл бағыт Түркістан арқылы ыңғайлы транзитпен жүзеге асырылады. Енді жолаушылар әлемнің ең көне қалаларының біріне саяхаттаумен қатар, Қазақстанның рухани әрі тарихи орталығы Түркістанда уақыт өткізе алады.

Астана-Самарқанд әуе рейсі аптасына екі рет әр бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Рейстер кестесі келесідей :

Бейсенбі:

  • IQ369 Астана 16:15 – Самарқанд 20:00
  • IQ510 Самарқанд 21:00 – Астана 01:30

Жексенбі:

  • IQ369 Астана 07:25 – Самарқанд 11:00
  • IQ510 Самарқанд 12:00 – Астана 15:30

Сонымен қатар апта сайын әр бейсенбі және жексенбі күндері Түркістан-Самарқанд әуе рейсі орындалады.

Бейсенбі:

  • Түркістан 19:10 – Самарқанд 20:00
  • Самарқанд 21:00 – Түркістан 21:50

Жексенбі:

  • Түркістан 10:10 – Самарқанд 11:00
  • Самарқанд 12:00 – Түркістан 13:00

Қазақстандық компания канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 ұшақтарын қолданады.

Серіктес жаңалықтары