$ 501.28  526.19  5.86
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Қырғызстанның министрлер кабинетінің төрағасымен кездесті

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды

Тоқаев Қырғызстанның министрлер кабинетінің төрағасымен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды.

«Қазіргі таңда қазақ-қырғыз ынтымақтастығы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Садыр Нургожоевич Жапаровтың Қазақстанға былтыр жасаған ресми сапары екіжақты ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Осы сәтті пайдаланып, құрметті Садыр Нургожоевичке жылы лебізімді жеткізуіңізді сұраймын, – деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Біздің президентіміз бауырлас Қазақстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынасты әрдайым арттыруға зор мән беріп, қолдау білдіріп келеді. Жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің арқасында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нығая түсті», – деді Қырғызстан Үкіметінің басшысы.

Адылбек Касымалиев мемлекеттер басшылары қойған барлық міндет қазақстандық әріптестермен бірге мұқият пысықталып жатқанын айтты.

Кездесуде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және су-энергетика саласындағы ықпалдастық мәселелеріне айрықша мән берілді.

Серіктес жаңалықтары