Әнші Нұрлан Өнербаевтың бауыры өмірден өтті
Әнші ағасының қазасы жайлы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды

Белгілі әнші Нұрлан Өнербаев ағасы өмірден өткені туралы қаралы хабар жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші ағасының қазасы жайлы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.
«Асқар тауым әкем өмірден қайтқаннан кейінгі биігім, арқа сүйер тірегім, ақылшым-ағам Әлжан мезгілсіз о дүниесіне аттанып кетті. Сенер емеспін. Бұл қалай болғаны? Дүние жалған екеніңді пендеңе тағы бір дәлелдеді-ау», - деп жазды Нұрлан Өнербаев.
Желі қолданушылары Өнербаевтар әулетіне көңіл айтты.
«Аға иманы саламат болсын! Бауыры бүтін кім бар дейсіз. Бір кем дүние!», «Алла алдынан жарылқасын!», «Жүзі жылы екен. Иманды болсын», «Ағатай, қайғыңызға ортақпыз. Алла Тағала жұмақты нәсіп етсін. Бекем болыңыз!» - деп жазды желі қолданушылары.