«Екеуі жүріп жүр ме?»: Сәкен Майғазиевтің Мадина Сәдуақасоваға гүл берген видеосы тарады
Өнер жұлдыздарының Қызылордаға гастрольдік сапармен барғаны жазылған

«МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің әнші Мадина Сәдуақасоваға әуежайда гүл берген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода Сәкен Майғазиев пен Мадина Сәдуақасовадан бөлек Мейрамбек Бесбаевты да көруге болады. Ал авторы оқиғаның Қызылорда облысында болғаны туралы жазған.
Өнер жұлдыздарының гастрольдік сапармен барған болуы деген болжам жасауға болады. Дегенмен желі қолданушылары арасында Сәкеннің Мадинаға гүл берген сәтін сөз еткендері де бар. Ал енді бірі әншілердің өнерін жоғары бағалайтынын жарыса жазды.
«Екеуі жүріп жүр ме? Қалай өзі?», «Сәкен, Мейрамбек, Мадина бәрі де әдемі, жарасымды», «Кұрметпен күтіп алған жандарға бас йіп сәлемдесті, Сәкен Майғазиев текті жан ғой», «Халық өте қарапайым ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жуырда әлдекімнің Сәкен Майғазиевтің әйеліне телефон шалып, күйеуі Мадина Сәдуақасовамен жүретінін айтқаны туралы хабарланған болатын.