24.02.2025, 17:46
Жаңалықтар
Қазақстанда жыл басынан бері жүздеген адам қызылшамен ауырған – ДСМ
Министрлік инфекцияға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: freepik.com
Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері қызылшаның 273 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Оның ішінде қаңтар айында 168 жағдай анықталды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2%-ға төмендегенін білдіреді. Соңғы аптада қызылшамен ауырған 59 жағдай тіркелді», - делінген хабарламада.
Осы жылдың басынан бері көкжөтелдің 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде қаңтарда 69 жағдай тіркелді, бұл аурушаңдық көрсеткішінің 49%-ға төмендегенін көрсетеді. Өткен аптада көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелді.
Қызылшамен және көкжөтелмен ауыратындардың көпшілігі вакцинацияланбаған балалар арасында кездеседі.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды