$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана маңында қарулы ер адам дүкен тонап, қашып бара жатқан жерінен ұсталды

Оқиға Астана-Петропавл тас жолында болған

Астана маңында қарулы ер адам дүкен тонап, қашып бара жатқан жерінен ұсталды
Фото: istockphoto.com

Астанада пышақпен қаруланған ер адам кассаны тонап, қашып кетпек болған жерінен ұсталды. Оқиға 21 ақпанда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті касса қызметкерлерін қорқытып, ақшаны алып, ізін суытпақ болған.

«ZHEST_kz» Telegram каналының мәліметінше, көп ұзамай патрульдік полиция қызметкерлері Астана-Петропавл тас жолында қолға түсірді. Күдікті Hyundai Tucson көлігінде кетіп бара жатқан жерінен ұсталды.

Құжат тексеру кезінде ер адам күтпеген жерден терезесін жауып алып, қолындағы пышақпен өзін бірнеше жерден кескілеген соң жүргізушіні қорқыта бастаған. Полиция жылдам әрекет етуге мәжбүр болды: олар пышақты тартып алып, күдіктіні қолға түсірді.

Белгілі болғандай, жүргізуші еш күдіктенбестен, жолаушы ретінде күдіктіні алып бара жатқан. Оқыс оқиғадан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Ал дүкен тонаған адам қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары