24.02.2025, 06:46
Жаңалықтар
Атырауда екі баланы көлігінің артына байлап, сырғанатқан жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Қауіпті оқиға жұрттың зәресін ұшырды
Фото: Видеодан скрин
Атырауда жүргізуші балалар отырған екі баллонды көлігінің артына байлап сырғанатқан. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, желіде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қауіпті оқиға жұрттың зәресін ұшырды. Мұндай әрекет балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Жүргізушіні осы әрекеті үшін полицейлер жауапқа тартты. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
«Аталған көлік құралының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару кезінде жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады