Алматы тұрғындары жарықсыз қалды: әкімдік жағдайға қатысты түсініктеме берді
Қала тұрғындарының жарықсыз қалуына кабельдің үзілуі әсер еткен

Алматыда Медеу ауданының тұрғындары кабельдің үзілуіне байланысты жарықсыз қалды. Бұл оқиғаға қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Жамақаев-Тайманов-Нұрлыбаев даңғылы-Иванилов көшесінің квадратында электр қуаты ішінара сөнген.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 10кВ екі жерасты кабель желісі үзіліп, нәтижесінде трансформаторлық қосалқы станциялар ажыратылды. Қазіргі уақытта авариялық-қалпына келтіру жұмыстары барысында электр энергиясын беру бір желіде және он трансформаторлық қосалқы станцияда ішінара қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.
Алматы әкімдігінің түсініктемесінде төтенше жағдай жойылып, тұтынушылар электр қуатына қосылғаны айтылды.