$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұшақта жолаушының сөмкесі өртенді: әуе кемесі шұғыл кері қайтты

Оқиға Астана – Ақтау бағытында ұшқан FlyArystan әуе компаниясының рейсінде болды

Ұшақта жолаушының сөмкесі өртенді: әуе кемесі шұғыл кері қайтты
Фото: facebook.com/FlyArystan

Астана – Ақтау бағытында ұшқан FlyArystan әуе компаниясының рейсі шұғыл түрде кері қайтуға мәжбүр болды. Ұшу кезінде жолаушының рюкзагы жанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға 23 ақпан 2025 жылы тіркелді. Әуе кемесінің багаж сөресінде тұрған рюкзактан өрт шыққан. Әуе компаниясының мәлімдеуінше, бортсеріктер жалынды тез арада сөндірген.

«FS 7375 рейсін орындау кезінде (Астана – Ақтау) жолаушының рюкзагы өртеніп, от багаж сөресіне тараған. Өртті экипаж мүшелері жедел сөндірді. Ұшақта 182 жолаушы болған. Әуе кемесі Астанаға қайта оралды, қону штаттық режимде өтті. Барлық жағдай толық зерттелгеннен кейін қосымша ақпарат беріледі», – делінген FlyArystan әуе компаниясының хабарламасында.

Осы жағдайға байланысты ұшақ Астана әуежайына қайта оралып, рейс сағат 17:10-ға кейінге шегерілді. Жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшаларын қайтару мүмкіндігі берілді.

Серіктес жаңалықтары