$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау полициясы әйеліне қол көтерген тұрғынды видео арқылы тауып алды (ВИДЕО)

Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен

Ақтау полициясы әйеліне қол көтерген тұрғынды видео арқылы тауып алды (ВИДЕО)
Фото: depositphotos.com

Ақтауда ерлі-зайыптылар арасында болған жанжал әлеуметтік желіде тарап, полиция назарын аудартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Желіде тараған видеода ер адамның әйеліне қол көтергені байқалады. 22 ақпанға қараған түні Ақтаудың 12-ықшамауданында болған оқиға бойынша құқық қорғау органдары отбасылық жанжалдың қатысушыларын анықтады», — деп жазады басылым.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін, ерлі-зайыптылар бұл тек түсініспеушілік болғанын айтып, ешқандай шағымдары жоқ екенін мәлімдеген.

«Олар бейнежазбаның интернетке тарап кететінін білмеген», – деп түсіндірді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын тексеруді жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары