«Жақсылық жасау оңай»: Фариза Төреәлі сіңлісіне көлік сыйлады (ВИДЕО)
Ол бұл әрекетін бауырмалдық пен қамқорлықтың белгісі деп атады

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, танымал блогер Фариза Төреәлі сіңлісіне тосынсый жасап, оған Lexus маркалы көлік тарту етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қуанышты сәт туралы Фариза өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Ол сіңлісіне ерекше сыйлық жасап, бұл әрекетін бауырмалдық пен қамқорлықтың белгісі деп атады.
«Алла қалауымен сіңліме тосынсый жасадым! Сені шын жүректен жақсы көремін. Әпкелік қамқорлығымды қабыл ал. Аллахым тек жақсы күндерді нәсіп етсін. Ата-анамыз да осы қуанышқа тап бола қалғандарына шүкір етеді. Бауырмалдығымыз, жанашырлығымыз арта берсін. Туған күніңмен, жаным сіңілім!», — деп жазды Фариза Төреәлі.
Сыйлықты алған сіңлісі де ризашылығын білдіріп, әлеуметтік желіде бұл сәтті «өмірімдегі ең үлкен тосынсый» деп сипаттады.
Фариза Төреәлі бұл әрекеті арқылы көпшілікке «Жақсылық жасау оңай – ол жылы сөз бен жылы жүзден басталады» деген ұстанымды жеткізгісі келгенін айтты. Сонымен қатар көлікті салоннан қалай таңдап алғанын да көрсетті.