21.02.2025, 17:44
Жаңалықтар
Қазақстанда 5 мыңнан астам лифтінің жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асқан
Индустрия және құрылыс министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерде 36 898 лифт бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісінің сауалына индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Лифтілердің 2 674-і – жарамсыз, 794-і – ауыстырылған. Лифтілердің саны (пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан) – 5 066, сондай-ақ күрделі жөндеуді қажет ететін лифт саны – 2 331», - деп хабарлады ведомствоның ресми сауалына Қуандық Қажкенов.
Оның айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін өңірлерге республикалық бюджеттен 7 жылға 0,1 пайызбен бюджеттік несие беріледі.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
