Қытайда жарқанаттардан жаңа коронавирус табылды: адамға жұғу қаупі бар
Оны ергежей жарқанаттар таратуы мүмкін

Қытай ғалымдары HKU5-CoV-2 деп аталатын жаңа коронавирус түрін анықтады. Бұл штамм Гонконгтегі жапондық ергежейлі жарқанаттардан табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғалымдардың айтуынша, вирус тез жұғалы және адамға тікелей немесе аралық тасымалдаушылар арқылы берілуі мүмкін.
Жаңа вирус қандай ауру тудырады?
HKU5-CoV-2 коронавирусы Таяу Шығыс респираторлық синдромын (MERS) қоздыруы мүмкін. Бұл ауру қатты жөтелмен қатар пневмония сияқты асқынуларға әкеледі. Бұған дейін COVID-19 вирусы да осындай ауыр тыныс алу жолдарының ауруларын тудырғаны белгілі.
Зерттеу қайда жасалды?
Зерттеу жұмыстарына Ухань вирусология институтының мамандары қатысқан. Бұл институт пандемияның алғашқы кезеңінде коронавирустың зертханадан таралуына қатысты айыптауларға ұшыраған еді. Зерттеу нәтижелері South China Morning Post басылымында жарияланды.
Қауіп бар ма?
Вирусологтар қазіргі уақытта жаңа вирусқа байланысты эпидемиялық қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Алайда оның нақты қаупін анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет. Ғалымдар вирустың адамға таралу мүмкіндігін толық зерттемейінше, болашақта қандай қауіп төндіретіні белгісіз.