«Лаңкестік әрекет»: Израильде бірден үш автобус жарылды (ВИДЕО)
Абырой болғанда, ішінде жолаушылар болмаған.

Израильдің Тель-Авив қаласының оңтүстігіндегі Бат-Ям ауданында үш автобус жарылды. Алдын ала болжам бойынша, бұл – лаңкестік әрекет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияға Бат-Ямдағы үш автобуста жарылыс болғаны туралы хабарлама түскен. Сонымен қатар Бат-Ям мен Холон қалаларында тұрған бос автобустардан тағы екі күдікті жарылғыш құрылғы табылған.
Куәгерлер түсірген кадрларда тұрақта тұрған автобустың өртеніп жатқаны және қою түтіннің тарағанын көруге болады.
Оқиғадан кейін төтенше жағдай аймағындағы барлық автобус жүргізушілеріне көліктерін тоқтатып, жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеру тапсырылды. Тергеу барысында жарылыстардың бастапқыда ертең таңғы 9-да болуы тиіс екені анықталды. Алайда күдіктілер уақыт белгілеу кезінде AM мен PM-ді шатастырып, таймерді қате орнатқан.