$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астаналық студент грантты өтеуге міндеттеген «Астана медицина университетін» сотқа берді

2021 жылы интернатураны бітірген студент бірден резидентураға түскен

Астаналық студент грантты өтеуге міндеттеген «Астана медицина университетін» сотқа берді
Фото: «Астана медицина университеті» сайты

Алайда «Астана медицина университеті» (КеАҚ) оны грантты өтеу үшін мамандық бойынша жұмыс істеуге міндеттеген. Жоғарғы оқу орнының әрекеті қаншалықты заңды екенін Астана соты тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы азамат М.-ның «Астана медицина университетіне» (КеАҚ) қатысты шешімдер мен әрекеттерді даулау туралы талап арызын қарады.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер 2021 жылы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған соң, әкімдік комиссиясының хаттамасы мен бұйрығы негізінде «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша резидентураға түскен. Ол 2024 жылдың шілдесінде оқуын аяқтады. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруымен оқыған резиденттерді міндетті жұмыспен өтеуден босату туралы шешім шығарған.

2024 жылдың маусым айында талапкер университет комиссиясына жүгініп, 2021 жылы резидентураға түсуіне байланысты мемлекеттік грант бойынша оқығаны үшін жұмыспен өтеу міндетінен босатуды сұраған. 

Алайда университет комиссиясы бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

Бірінші сатыдағы сот талапкердің талабын қанағаттандырып, университеттің шешімі «Білім туралы» заң нормаларына қайшы келеді деген қорытынды жасады. Сот талапкердің резидентураға түсуі оны міндетті жұмыспен өтеуден босатуға негіз болатынын анықтады.

Апелляциялық сот та бұл шешіммен келісіп, бірінші сатыдағы соттың қорытындыларын қолдады.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары